Криштиану Роналду Мессидің артынан Америкаға кетуі мүмкін

©theportugalnews

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын Америкада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

37 жастағы ойыншы "қызыл сойқандармен" 2023 жылға дейін келісімшарт жасаған. Алайда жақсы ұсыныстар түсіп жатса Роналду "Интер Майами" клубына ауысуы мүмкін. Қазіргі таңда америкалық команданың басшысы Дэвид Бэкхэм Роналдумен бұл турасында әңгімелескен екен.

Еске салайық, осыған дейін Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси париждіктер сапында өзін бақытсыз сезініп жүргендіктен жазда басқа командаға кетеді деп айтылған еді. Ұсыныстардың бірі "Интер Майами" клубынан түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport