Криштиану Роналду қыркүйек айында Ағылшын премьер-лигасының үздік футболшысы атанды. Португалиялық шабуылшы бұл жүлдені "Манчестер Юнайтедке" қайтып келген соң бірінші рет алды.
Роналду қыркүйек айында премьер-лигада үш кездесу өткізіп, үш гол соқты. Ол "Ньюкасл" (4:1) қақпасына екі гол соқса, "Вест Хэмге" (2:1) қарсы ойында бір мәрте көзге түсті.
Жалпы Криштиану карьерасында бұл жүлдені бесінші рет жеңіп отыр. Осылайша, ол Робин ван Перси мен Уэйн Руниді қуып жетті. Португалиялық шабуылшыдан бұл жүлдені тек Серхио Агуэро (7 рет), Стивен Джеррард және Харри Кейн көбірек ұтқан.