Криштиану Роналду мадридтік кәсіпкер Иниго Ониевамен бірге Испания астанасында жаңа люкс деңгейдегі жеке клуб ашып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Marca ақпаратынша, жоба "Vega Members Club" деп аталады және бұл шынымен эксклюзив кеңістік болмақ.
Бұл "түнгі клуб" форматы емес, тек мұқият іріктелген меймандар кіре алатын премиум-классты жабық жеке клуб: бизнес-элита, медиа саласының өкілдері, спортшылар.
Мекемеде қатаң дресс-код және мобильді телефондарға тыйым болады: түсірілім жоқ, фото жоқ – клиенттер үшін толық құпиялылық.
Шамамен 1000 шаршы метр аумақтағы кеңістік 50-жылдардағы Нью-Йорк пәтерлерінің стилінде безендіріліп, сән-салтанат, құпиялылық және америкалық винтаждық молшылық атмосферасын береді.
Айта кету керек, Роналду Мадридпен және қаланың футбол тарихымен жақсы таныс – дәл осы жерде ол өз мансабының ең үздік кезеңін өткізді. 2009–2018 жылдары португалиялық "Реал" клубында ойнаған.
Тоғыз маусымда ол мадридтік клубпен Чемпиондар лигасының төрт рет, Испания чемпионы атағын екі рет, Испания кубогін екі рет, клубтық әлем чемпионатын үш рет және төрт "Алтын доп" марапатын жеңіп алды.
Бұдан бөлек, Роналду "Реал" тарихындағы үздік бомбардир атанып, 438 матчта 450 гол соқты.
Жарнама