Әлемге танымал футболшы Криштиану Роналду өз еліндегі қонақүйлерін коронавирустың алдын алу үшін аурухана ретінде тегін пайдалануға бермек. Бұл жайында Испанияның Marca басылымы жазып отыр.
Футболшы қонақүйлерін аурухана ретінде тегін беріп қана қоймай, дәрігерлер мен өзге де қызмет көрсететін мамандардың жалақыларын да өз мойнына алмақшы екен.
Қазіргі таңда Криштиану Роналдудың өзі Мадейрада карантинде жатыр. Оған себеп – 12 наурыз күні оның командаласы Даниэль Руганиден коронавирус табылған.
Айта кетейік, қазіргі таңда португалияда 169 адам коронавирусты жұқтырған.