Криштиану Роналду кенжесін көрсетті

Сурет: Football.ua
Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду кішкентай қызын көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболыш суретті Instagram желісінде жариялап: "Мезеттер", деп жазған.

Еске салайық, Роналду төрт баланың әкесі. 2010 жылы тұңғышы кіші Криштиануды суррогат ана тапқан. 2017 жылы осылайша Ева мен Матео дүниеге келді, ал бірнеше айдан кейін сүйіктісі Джорджина Родригес қыз босанды.

Қазіргі таңда Роналду отбасымен Мадейра аралында.

Жаңалықтар