Криштиану Роналду карьерасын қай клубта аяқтайтынын айтты

©"Аль-Наср" ФК

Португалдық танымал футболшы Криштиану Роналду спорттағы мансабын қай клубта аяқтағысы келетіні жайлы айтты, деп жазады TCR. 

Қазіргі таңда Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнайтын футболшы болашақта отанына оралғысы келеді. 

"Мен карьерамды "Спортингте" аяқтаймын. Бір маусым ойнасам да, осы командаға бар көмегімді тигізгім келеді. Олар мені тауып тәрбиеледі. "Спортинг" командасы болмаса, мен McDonalds-та жұмыс істеп жүрген болар едім", - дейді футболшы. 

Айта кетейік, португалдық футболшы лиссабондық команда сапында 1997-2003 жылдар аралығында ойнады. Одан кейін "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентусте" доп тепті. 

2023 жылдан бастап Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнап келеді. Осы маусымда 39 матчқа қатысып, 35 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport