Криштиану Роналду карьерасын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін

©"МЮ" ФК

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін, деп жазады The Sun порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, шабуылшының агенті Жорже Мендеш Манчестердегі ресторандардың бірінші "Барселона" басшыларымен кездескен. Мендеш "МС" жартылай қорғаушысы Бернарду Силваның да агенті. Бұл кездесуде екі тарап Роналдудың емес, Силваның трансферін талқылауы мүмкін деп жазады басылым. 

Негізі Роналду "МЮ" сапынан жазда кеткісі келген. Бірақ жаңа команда таба алмады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар