"Алтын доптың" бес дүркін иегері, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубындағы болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Роналду клуб таңдадыAl Nassr Zone басылымының 365Scores Arabic-ке сілтеме жасап хабарлауынша, 41 жастағы шабуылшы басқа клубқа ауысуды жоспарлап отырған жоқ. Роналду карьерасын аяқтағанша "Әл-Наср" сапында қалғысы келеді.
Жақын арада португалиялық футболшы Сауд Арабиясы клубының басшылығымен кездесіп, болашақ жоспарларын және келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігін талқылауы мүмкін. Роналдудың "Әл-Насрмен" қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Бұған дейін Роналдудың 2026/27 жылғы маусым аяқталған соң "Әл-Насрдан" кетуі мүмкін екені хабарланған еді. Футболшы мұндай жоспары бар екенін клуб басшылығына алдын ала ескерткен деген ақпарат тараған болатын.
Клубтық карьеарсы
Еске салайық, Роналду "Әл-Наср" сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда шабуылшы Сауд Арабиясы клубының жейдесінде 12 матч өткізіп, тоғыз гол соқты.
Клубтық деңгейде португалиялық футболшы "Спортинг", ағылшындық "Манчестер Юнайтед", мадридтік "Реал" және туриндік "Ювентус" командаларында ойнаған. Роналду - Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы.