Криштиану Роналду карьерасын аяқтайтын клуб белгілі болды

Сурет: Eurosport

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуның алдағы жоспары белгілі болды. 

Журналист Клаудио Раймонди SAPO Desporte басылымында форвард карьерасын лиссабондық "Спортингте" аяқтамақ екенін жазыпты. Футболшы осы клубтың тәлімгері.

Роналду "Ювентусті" құрметтейтіндіктен 2022 жылға дейін есептелген келісімшартты толық өткеретіні айтылды. Осыдан кейін ол португалиялық клубқа ауыспақ. 

Футболшының Испания мен "Реалға" қайту мүмкіндігі мүлде жоқ көрінеді, ал "Манчестер Юнайтедте" Роналдуны сатып алуға қаржы жоқ екен.