Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы голын баспен салды

©Global Look Press

Сапында Криштиану Роналду өнер көрсететін саудиялық "Әл-Наср" тунистік "Монастир" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.  

Бұл кездесу Араб чемпиондары клубтық кубогінің топтық кезеңі аясында өтті. "Әл-Наср" қарсыласын 4:1 есебімен ойсыратты. 

Роналду саудиялық команданың екінші голын салды. 74-минутта ол қарсылас қақпасына допты баспен кіргізді. Бұл португалиялық ойыншы үшін 2023/24 маусымда салған алғашқы доп. 

Жеңімпаздар сапынан гол салғандар: Андерсон Талиска (42-минут), Абдулелах Әл-Амри (88) және Абдулазиз Аль-Элевай (90). Ал "Монастир" есебіне жалғыз голды Али Ладжами жазды - автогол.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport