Криштиану Роналду Еуропа лигасында гол соқты

©United in Focus

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Еуропа лигасының 5-турында "Шериф" қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Олд Траффорд" стадионындағы ойын 3:0 есебімен аяқталды. Матчтың алғашқы минутынан бастап ойнаған Роналду 81-минутта командасының 3-голын салды. Оған дейін Диогу Далот (44-минут) пен Маркус Рашфорд (65-минут) көзге түскен еді.

Осы жеңісінен кейін 12 ұпай еншілеген "қызыл сойқандар" Е тобында 15 балл жинаған "Реал Сосьедадтан" кейін екінші орында келеді.

Соңғы кездері "Манчестер Юнайтед" бас бапкерімен әңгімесі жараспай жүрген Роналду бұл жолы негізгі құрамда өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport