Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында әлем рекордын қайталады

Сурет: © Reuters

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің Францияға қарсы үшінші тур матчінде (2:2) дубль жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Пенальтиден салынған екінші гол португалиялық футбол үшін ұлттық команда сапындағы 109-шы доп болды. Осылайша, Роналду ирандық Али Даеидің (109) әлемдік рекордын қайталады. 

Сонымен қоса, Роналду Еуропа мен әлем чемпионаттарында жалпы 21 гол соғыпты - бұл да рекорд. Еурода салғаны 14 доп екен. Португалиялық шабуылшы бұл көрсеткішпен Германия құрамасының бұрынғы форварды Мирослав Клозе рекордын бұзды - әлем чемпионатында 16 гол және Еуропа чемпионатында үш гол.

Оның үстіне Криштиану бес голмен Еуро-2020 сұрмергендері тізімінде бірінші келеді. 

Португалия құрамасы Еуроның 1/8 финалына шығып, келесі ойында Бельгиямен кездеседі.