Криштиану Роналду - Еуроның үздік бомбардирі

Сурет: fb.ru

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Футболшы турнирде бес гол салған. Чехиялық форвард Патрик Шик те осынша гол соқты, алайда, Роналду одан қосымша көрсеткіштер бойынша асып түсті. Португалиялық бір нәтижелі пас берген, ал чехиялық ассист жасамаған. Соған қоса, Роналду алаңда азырақ уақыт өткізді (360 минут), ал Шик бұл голдарды салуға көбірек уақыт жұмсады (404).

Еске салайық, Еуро-2020 турнирінде Италия финалда Англияны ұтып, жеңімпаз атанды. Ал турнирдің үздік ойыншысы қақпашы Джанлуиджи Доннарумма болды. 

Жаңалықтар