Португалия құрамасының шабулышысы Криштиану Роналду Еуро-2024 турнирінде "паразиттік маркетнинг" үшін ауыр жазалануы мүмкін.
The Sun мәліметінше, 39 жастағы футболшы WHOOP фитнес-компаниясымен серіктестігі үшін Еуроның қалған матчтерінен шеттелуі мүмкін. Бұған себеп компанияның Словениямен матчте Роналдудың жүрек соғысына қатысты мәліметтерді жариялауы.
Компания мұндай мәліметті жариялау арқылы өз өнімін Еуромен байланыстырғысы келген. Ал компанияның турнирмен ешқандай демеушілік келісімі жоқ. Әзірге нақты қандай жаза таңдалатыны белгісіз.
Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионатында төрт матчте ойнап, бір нәтижелі пас берді.