Криштиану Роналду Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс айтты

Сурет: Еспресо.TV
Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Еurosport порталы El Mundo басылымына сілтеме жасап. 

Криштиану ұсынысты сауық кешінде жасаған екен. Джорджина ұсыныстан бас тарта алмапты. 

Бұл кеште Криштиану мен Джорджинаның туыстары мен достары болған. Дегенмен жас жұбайлар той өткізуді жоспарлап отырған жоқ; мерекелік шараның күні белгіленген екен. 

Роналду мен Джорджина 2016 жылдан бері бірге. 2017 жылы Джорджина футболшыға қыз туып берген, есімі - Алана Мартина.