"Алтын доп" сыйлығының ұйымдастырушылары B.O.A.T. (Ballon d'Or Of All Time) аясында өткен жанкүйерлердің жаһандық дауыс беруінің қорытындысын жариялады. Футбол жанкүйерлері сыйлықтың бірнеше дүркін иегерлері арасынан тарихтағы ең үздік жеңісті маусымды таңдады. Дауыс беру нәтижесінде 2008 жыл қорытындысы бойынша Криштиану Роналду үздік деп танылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орынға Лионель Мессидің 2012 жылғы жетістігі жайғасса, үздік үштікті Роналдудың 2017 жылғы көрсеткіші түйіндеді. Сауалнама жобаның ресми сайтында 1-27 қазан аралығында өтті. Дауыс беру интерактивті форматта ұйымдастырылып, жеңімпазға нақты жүлде табыстау қарастырылмаған.
Роналдудың "Манчестер Юнайтед" сапындағы 2007/08 жылғы маусымдағы статистикасы:
Матчтар: барлық турнирде 49 ойын;
Голдар: 42 (Англия Премьер-лигасында - 31, Чемпиондар лигасында - 8, Англия кубогында - 3);
Нәтижелі пастар: 8;
Командалық трофейлер: Англия Премьер-лигасының алтын медалі және УЕФА Чемпиондар лигасының кубогы;
Жеке марапаттар: АПЛ мен Еуропаның "Алтын бутсасы", Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атағы, Англиядағы маусымның үздік ойыншысы және ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атағы.
B.O.A.T. дауыс беруіндегі үздік 10 нәтиже:
Криштиану Роналду (2008)
Лионель Месси (2012)
Криштиану Роналду (2017)
Лионель Месси (2023)
Криштиану Роналду (2016)
Криштиану Роналду (2014)
Лионель Месси (2015)
Криштиану Роналду (2013)
Лионель Месси (2011)
Лионель Месси (2009)
Дауыс беру үшін бір еуро төлеу қажет болды. Қатысушылар өз таңдаған футболшысына шектеусіз дауыс бере алды. Жеңімпазды анықтау кезінде футболшының қанша "Алтын доп" жеңіп алғаны емес, мансабындағы нақты бір маусымның қаншалықты ерекше болғаны басты өлшем ретінде қарастырылды.
Жарнама