Криштиану Роналду біргегей жетістікпен футбол тарихына кірді

Сурет: Tuttosport
Футболдан Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 34-ші турындағы "Лациомен" матчте тарихи жетістік жасады, - деп жазады Opta Sports твиттер желісінде. 

Туринде өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Роналду дубль жасады (51-ші минут пенальти және 54-ші минут). Римдіктер сапынан Чиро Иммобиле 83-ші минутта пенальтиді сәтті орындады. 



35 жастағы португалиялық үшін бұл Италия чемпионатындағы 50 және 51-ші гол болды (өткен маусымда 21 және биыл 30).

Осылайша, Роналду бірден үш чемпионатта - АПЛ, Ла Лиге мен А сериясында 50  және одан да көп гол салған бірінші футболшы болып отыр. "Манчестер Юнайтед" сапында ол АПЛ-дегі 196 матчте 84 гол салды, Испанияда "Реал" үшін 292 ойында қақпаға 311 доп соққан. 

Сонымен қоса, Роналду А сериясында 50+ голды ең жылдам уақытта салған футболшы болып отыр, кем дегенде 1994/95 маусымынан бері. Ол үшін шабуылшыға 61 матч қажет болды. Мұның алдындағы рекордсмен Андрей Шевченко 50-ші голын 68 ойында салған. 
Жаңалықтар