Криштиану Роналду басқа клубқа ауысу үшін не керегін білді

Сурет: ITA Sport Press

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жаздық трансферлік кезеңде басқа клубқа ауысқысы келсе, төменірек еңбекақыға келісу керек, деп хабарлайды Football Italia.

Қазіргі таңда ешбір команда футболшының "Ювентустегі" еңбекақысын - бір маусымға 30 миллион еуроны төлей алмайды. 

Мұның алдында Криштиану Роналдуның өкілдері бірнеше топ клубтармен - ПСЖ, мадридтік "Реал" және "Манчестер Юнайтедке" хабарласып, трансфер мәселесін талқылаған.

Сонымен қатар, "Ювентуспен" келісімшартты ұзарту туралы да келіссөз болғанға ұқсайды. Футболшының өзі де Еуро-2020 аяқталғанша командадан кете қоймас. 

Жаңалықтар