"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жаздық трансферлік кезеңде басқа клубқа ауысқысы келсе, төменірек еңбекақыға келісу керек, деп хабарлайды Football Italia.
Қазіргі таңда ешбір команда футболшының "Ювентустегі" еңбекақысын - бір маусымға 30 миллион еуроны төлей алмайды.
Мұның алдында Криштиану Роналдуның өкілдері бірнеше топ клубтармен - ПСЖ, мадридтік "Реал" және "Манчестер Юнайтедке" хабарласып, трансфер мәселесін талқылаған.
Сонымен қатар, "Ювентуспен" келісімшартты ұзарту туралы да келіссөз болғанға ұқсайды. Футболшының өзі де Еуро-2020 аяқталғанша командадан кете қоймас.