Криштиану Роналду бар ма? Португалияның әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

©twitter.com/selecaoportugal

Португалия құрамасының бапкерлер қосыны 2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Португалия құрамасы топтық кезеңде Уругвай, Гана және Оңтүстік Корея құрамаларымен ойнайды. 

26 футболшыдан жасақталған құрамаға 37 жастағы шабуылшы Криштиану Роналду да қосылған. 

Қақпашылар: Диогу Кошта ("Португ"), Жозе Са ("Вулверхэмптон", Англия), Руй Патрисиу ("Рома", Италия).

Қорғаушылар: Диогу Далот ("Манчестер Юнайтед", Англия), Жоау Канселу, Рубен Диаш (екеуі де - "Манчестер Сити", Англия), Данилу Перейра, Нуну Мендеш (екеуі - ПСЖ, Франция), Пепе ("Порту"), Антониу Силва ("Бенфика"), Рафаэл Геррейро ("Боруссия" Дортмунд, Германия).

Жартылай қорғаушылар: Жоау Палинья ("Фулхэм", Англия), Матеус Нуньеш, Рубен Невеш (екеуі - "Вулверхэмптон", Англия), Бернарду Силва ("Манчестер Сити", Англия), Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед", Англия), Жоау Мариу ("Бенфика"), Отавиу Монтейру ("Порту"), Витинья (ПСЖ, Франция), Вильям Карвалью ("Бетис", Испания).

Шабуылшылар: Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед", Англия), Андре Силва ("Лейпциг", Германия), Гонсалу Рамос ("Бенфика"), Жоау Феликс ("Атлетико", Испания), Рафаэл Леау ("Милан", Италия), Рикарду Орта ("Брага").

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар