Криштиану Роналду "Астана" клубына "ауысты"

©ФИФА

"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі жуырда "Манчестер Юнайтедтен" кеткен Криштиану Роналдуды өз қатарына қосты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Елордалық клуб инстаграмдағы стористе португалиялықтың Астанаға ауысқандығын көрсетті.

 

Еске салайық, португалиялықтың "қызыл сойқандардан" кетуіне даулы сұхбаты себеп болды. Ол сұхбатында Роналду ашық түрде бас бапкер Эрик тен Хагты және клуб қызметкерлерін сынға алған. Қазіргі таңда Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатысып жатқан ойыншылар арасында ресми клубы жоқ жалғыз ойыншы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport