Криштиану Роналду "Алтын доп" номинациясында қай орынға тұрақтағаны белгілі болды

©championat

France Football жуырналы ұйымдастырған "Алтын доп" номинациясында дауыс беру нәтижесі бойынша Криштиану Роналду алтыншы орынға тұрақтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Португалия құрамасының капитаны осыған дейін "Алтын допты" 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдары иеленген. Биылғы маусымда ол "Манчестер Юнайтед" сапында ойнаған 10 матчта 4 гол салды. 2 рет ассист жасады.

Еске салайық, 2021 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын допты" Лионель Месси иеленді. Осылайша, Месси карьреасында аталмыш жетістікті жетінші рет қайталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар