Криштиану Роналду алмастырылғаннан кейінгі дөрекіліктерін түсіндірді

Сурет: Footboom.com
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 12-ші турындағы "Миланға" қарсы матчтегі әрекетіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды A Bola.

"Ювентус" бапкерді боқтаған Роналдуға қатысты шешім қабылдады

"Соңғы үш апта барымды салып еңбектене алмадым. Мен алмастырғанды ұнатпайтынымды бәрі біледі, бірақ, ауыстырылғаннан кейін мен қиындық туатын ештеңе істеген жоқпын. Жарақатыммен ойнап, "Ювентуске" көмектесуге тырыстым. Өзін алмастырғанды ешкім де ұнапайды, дегенмен, мен бапкерлер штабының бұл ісін түсінемін, өйткені бұл екі матчте мен өзімді нашар сезіндім. Жүз пайызға дайын емес едім", - дейді Роналду. 

Роналдуға өшіккен "Ювентус" футболшылары оның кешірім сұрауын талап етті