Криштиану Роналду әлемнің абсолют рекордын жаңартты

Сурет: Fortunebets

Туриндік "Ювентус" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасындағы голдар саны бойынша абсолют рекордты бұзды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Италия суперкубогындағы "Наполимен" матчте Роналду гол салды. Бұл оның клуб пен құрама үшін ресми матчтерде соққан 760-шы добы. 

Осылайша, Роналду футбол тарихындағы ең мықты сұрмерген атанды. Бұған дейінгі рекорд чехиялық Йозеф Бицанға тиесілі (1931 мен 1955 жыл аралығы 759 гол).

Мұның алдында португалиялық ойыншы үздік бомбардирлер тізімінде үшінші тұрған Пеледен асып түскен еді (757 доп). 

Матчтің өзі 2:0 есебімен "Ювентус" пайдасына аяқталды, екінші голды Альваро Мората салды.