Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты

©goal.com

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық командадағы матчтер саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

38 жастағы форвард 2024 жылғы Еуропа чемпионатындағы Лихтенштейнмен ойынға негізгі құрамда алаңға шықты. Бұл Роналдудың ұлттық команда үшін өткізген 197-матчі. Осы көрсеткіш бойынша Роналду рекордсмен атанды. 

Ұлттық құрама сапындағы ойындар саны бойынша Роналду Кувейт үшін 196 кездесуде ойнаған Бадер Әл-Мутава мен Малазия үшін 195 матч өткізген Со Чин Эннан асып түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport