"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Mirror мәліметінше, осы елдің клубтарының бірі Роналдуға жылына 240 миллион еуро төлеуге дайын болған. Бұл португалиялықты автоматты түрде әлемдегі табысы ең жоғары футболшы етер еді. Алайда Криштиану бұл елдің чемпионатына өтуден бас тартты.
Португалиялық шабулшы "МЮ" сапында ойын уақытын аз беретіндігіне наразы екені айтылуыда. Осыған байланысты ол англиялық клубтан биылғы маусым аяқталмастан кететінге ұқсайды.
Еске салайық, мұның алдында Сауд Арабия футбол федерациясының президенті Ясир Әл-Мишаль "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдуды өз елінде ойнауға шақырғысы келетінін айтқан.
Роналдудың "Манчестер Юнайтедпен" келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.