Криштиану Роналду әлем чемпионатына бір апта қалғанда ауырып қалды

©instagram.com/cristiano

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Ағылшын премьер-лигасындағы 16-турда "Фулхэмге" қарсы матчқа қатыса алмайды, деп жазады Sports Brief порталы. 

Роналду осыған дейін Лига кубогіндегі "Астон Виллаға" қарсы ойынға қатыса алмады. Бұл кездесуден кейін "МЮ" бас бапкері Эрик тен Хаг Криштиану "Фулхэмге" қарсы ойынға қатысады деген еді.

Бірақ португалиялық шабуылшы ауырып қалыпты. Енді оның қатарға қашан қосылатыны белгісіз болып тұр. 

Айта кетейік, Роналду келесі аптада Португалия құрамасымен әлем чемпионатына қатысу керек. Топтық кезеңде Португалия Гана, Уругвай және Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі. 

Әлем чемпионаты 20 қараша басталып, 18 желтоқсан күні мәресіне жетеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар