1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 10:43
 

Криштиану Роналду "Әл-Насрда" ойнаудан бас тартып байкот жариялады

  Пікірлер

blog.share

Криштиану Роналду "Әл-Насрда" ойнаудан бас тартып байкот жариялады ©x.com/alnassrfc_en

Португалиялық Криштиану Роналду "Әл-Насрдағы" жағдайға көңілі толмай, саудиялық клубтың матчтарына қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты A Bola басылымына сілтеме жасап.

blog.share

Португалиялық Криштиану Роналду "Әл-Насрдағы" жағдайға көңілі толмай, саудиялық клубтың матчтарына қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты A Bola басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, футболшыны Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) клубты басқару тәсілі қанағаттандырмайды. Роналдудың пікірінше, трансферлік нарықта әлдеқайда белсенді әрекет ететін бәсекелесі "Әл-Хиляльмен" салыстырғанда, PIF "Әл-Насрға" зиян келтіріп отыр екен.

Осыған байланысты Роналду Сауд Арабиясы чемпионаты аясында дүйсенбі күні (2 ақпан) өтетін "ӘЛ-Риядқа" қарсы ойынға қатыспайды.

Танымал инсайдер Фабрицио Романо да Роналдудың алдағы матчта алаңға шықпайтынын растады. Ол футболшының денсаулығында ешқандай мәселе жоқ екенін атап өтті. Алдағы уақытта бұл жағдайға қатысты қосымша мәліметтер жариялануы мүмкін.

Айта кетейік, PIF "Әл-Наср" мен "Әл-Хиляльдан" бөлек, Сауд Арабиясының тағы екі клубын - "Әл-Иттихад" пен "Әл-Ахлиді" тікелей басқарады.

Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның саудиялық клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Биылғы маусымда Про-лигада шабуылшы 18 матчқа қатысып, 17 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!