Криштиану Роналду ағылшын командасына ауысу үшін айлығын екі есе қысқартуға дайын

©FRANCESCO PECORARO/GETTY IMAGES

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду туриндік "Ювентус" командасынан ағылшынның "Манчестер Ситиге" ауысуға жақын. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо твиттер-парақшасында хабарлады. 

Шабуылшының агенті Жорже Мендеш бүгін "Манчестер Сити" басшыларымен кездесіп, Роналдудың жалақысын келіседі. Иснайдердің ақпараты бойынша, Криштианудың табысы "Ювентус" командасында алатын 31 миллион еуродан әлдеқайда аз болады. Футболшының өзі командаластарына кеткісі келетінін айтқан. 

Еске салайық, Роналду "Ювентус" сапында бір жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 36 жастағы шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Оның туриндік командамен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: