Футбол
13 маусым 2023 13:36
 

Криштиану ажырасса Джорджина Родригеске не қалатыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Криштиану ажырасса Джорджина Родригеске не қалатыны айтылды ©GLOBAL LOOK PRESS

Португалдық футболшы Криштиану Роналду мен әйелі Джорджина Родригес некеге дейінгі келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

blog.share

Португалдық футболшы Криштиану Роналду мен әйелі Джорджина Родригес некеге дейінгі келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Басылым ақпараты бойынша, келісімшарт Родригес бірінші баласына жүкті болған кезде жасалған. Заңды күші бар құжатта қос тараптың құқығы мен Роналду байлығын қорғау пункттері қарастырылған.

Келісімшарт бойынша екеуі айырылысар болса, Родригеске отбасының Испаниядағы зәулім үй тиесілі болады. Сондай-ақ өмір бойы 100 мың еуродан алып тұратын болады.

Айта кетейік, Криштиану мен Джорджина әлі күнге дейін үйленбеген. Суррогат анадан туған баласымен қоса отбасы 5 бала өсіріп келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!