ҚПЛ ойындарына тікелей трансляция

©Астана ФК

Бүгін, 1 қазан күні футболдан Қазақстан чемпионатының 21-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турдың орталық матчі "Ордабасы" мен "Атырау" арасында болады.

Шымкенттегі ойынды елорда уақытымен 18:00-ден бастап ҚКФЛ-ТВ тікелей эфирде көрсетеді.

"Каспий" мен "Ақсу" (17:00), "Тараз" бен "Мақтаарал" (20:00) ойындарын да ҚКФЛ-ТВ арнасынан тамашалай аласыздар.

Ертең, 2 қазанда турдың басқа да ойындары өтеді. "Тобыл" өз алаңында "Шахтерді" қабылдаса (17:00), "Қызыл-Жар" мен "Қайрат" (17:00) өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар, батыс қазақстандық дербиде "Ақжайық" пен "Ақтөбе" (17:00) кездесуі және "Тұран" мен "Астана" (18:00) арасында матч өтеді деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport