ҚПЛ ойындарына тікелей трансляция

12 қыркүйек 2021 11:13
©fccaspy.kz

Бүгін, 12 қыркүйекте футболдан Қазақстан чемпионатының 20-шы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Елорда уақытымен 17.00 "Шахтер" – "Жетісу", 18.00 "Ақтөбе" – "Тараз", 19.00 "Ордабасы" – "Қайрат" және 20.00 "Тобыл" - "Каспий" клубтары кездеседі. "Шахтер" – "Жетісу" және "Ордабасы" мен "Қайрат" арасындағы матчтарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетсе, "Ақтөбе" мен "Тараз" және "Тобыл" мен "Каспий" ойынын QSportExtra арнасы көрсетеді.

"Шахтер" - "Жетісу" - интернет трансляция

"Ақтөбе" - "Тараз" - интернет трансляция

"Ордабасы" - "Қайрат" - интернет трансляция

"Тобыл" - "Каспий" - интернет трансляция

Еске салайық, әзірге ішкі чемпионатта 44 ұпайы бар "Астана" командасы көш бастап тұр. 42 ұпай еншілеген "Тобыл" екінші және 37 балл жинаған "Қайрат" үшінші орынға жайғасқан. Қостанайлықтар Каспий жағалауынан келген ұжымды ұтқан жағдайда турнир кестесінде бірінші орынға қайта шығуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар