ҚПЛ матчтарына тікелей трансляция

©kazfootball

Бүгін, 20 тамызда футболдан Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген үш ойыны өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Оралда жергілікті Ақжайық өз алаңында Каспийді қабылдайды. Батысқазақстандық дерби елорда уақытымен 19:00-де басталады. Бұл ойынды ПФЛК TV және Youtube тікелей эфирде көрсетеді.

Қарағандыда Шахтер мен Атырау өзара мықтыны анықтайды. Бұл матч та 19:00-де басталып ПФЛК TV мен Youtube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал киелі Түркістанда Мақтаарал мен Тұран ойнайды. Оңтүстік қазақстандық дербидің басталатын уақыты 21:00. Бұл матчты да  ПФЛК TV мен Youtube арнасынан өткізіп алмаңыз.

Чемпионаттың қалған ойындары 21 тамызға жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар