ҚПЛ матчтарына тікелей трансляция

©fctaraz

Бүгін, 2 шілдеде футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында екі матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қарағандыда "Шахтер" мен "Ақтөбе" кездеседі. Ойын елорда уақытымен 18:00-де басталады. Ал 20:00-де "Атырау" мен "Тараз" клубтары кездеседі.

Екі матчты да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, ойынды арнаның ресми сайтынан тікелей тамашалауға болады.

Қазіргі таңда турнир кестесінде "Тобыл" 25 ұпаймен көш бастап тұрса, 24 ұпайы бар "Астана" екінші орында тұр. "Ордабасы" болса 23 ұпаймен үшінші сатыда. 23 ұпайы бар "Ақтөбе" төртінші және "Тараз" 22 ұпаймен бесінші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар