Футбол
4 шілде 2021 17:28

ҚПЛ көшбасшысы ойыншысын еуропалық чемпионаттан қайтарып алды

Душан Йованчич. Сурет: "Црвена Звезда" ФК

Cербиялық жартылай қорғаушы Душан Йованчич қостанайлық "Тобылға" оралды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

30 жастағы футболшы қысқы маусым аралығында жалға беру құқымен сербиялық "Црвена Звезда" сапында ойнаған. Маусымда жалға беру уақыты аяқталып, ойыншы кейін оралды. 

Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында легионер 11 ойынға қатысты, алайда, ешқалай ерекшеленбеді. 

Еске салайық, "Тобыл"  ҚПЛ-дің 19-турында "Тұранды" ұтып, "Астананы" турнир кестесіндегі бірінші орыннан ысырып тастады.