ҚПЛ командасы екі футболшысының кеткенін хабарлады

©"Қызыл-Жар" ФК

"Қызыл-Жар" 32 жастағы сербиялфқ қорғаушы Стефан Живкович пен 21 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурзаның командадан кеткенін хабарлады.

Живкович "Қызыл-Жарға" биылғы маусым басталмай тұрып келген болатын. Содан бері петропавлдық клуб сапында 8 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Артур Мурза жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты "Металлист Харьков" клубына қайта оралды. Украиналық футболшы "Қызыл-Жарға" осы жылдың сәуір айында қосылып, клуб үшін 8 кездесуге қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар