Футбол
4 тамыз 2022 14:24
 
ҚПЛ клубының президентіне айыппұл салынды

  Пікірлер

blog.share

ҚПЛ клубының президентіне айыппұл салынды ©"Қызыл-Жар" ФК

Петропавлдық "Қызыл-Жар" командасының президенті Григорий Лорияға 600 мың теңге айыппұл салынды. Мұндай шешімді Тәртіптік бақылау комитеті "Ақжайық" командасы қатысқан Қазақстан кубогінің ойынынан кейін шығарды. 

"Матчтың ресми өкілдеріне балағат сөз айтқаны үшін, Тәртіптік бақылау комитетінің 53-бабы бойынша, "Қызыл-Жар СК" президенті Григорий Лорияға 200 АЕК (612 мың теңге) айыппұл салынды. Лория 2022 жылдың 2 қыркүйегіне дейін бұл айыппұлды төлеуі керек", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, мамыр айында Лория ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдастыратын жеті ойыннан шеттетіліп, 150 АЕК айыппұл арқалаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!