ҚПЛ клубына Польша Суперкубогінің иегері қосылды

©instagram.com/fcaqsu

"Ақсу" футбол клубы украиналық Алексей Дитятьевті қатарға қосты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қорғаушы Украинаның "Энергия" командасының түлегі. Спорттық карьерасында "Крымтеплица", "Буковина", "Олимпик" Донецк, "Ворскла" және "Карпаты" клубтарының намысын қорғаған.

2017 жылы Польшаның "Краковия" командасына ауысты. Экстралигада 75 ойында алаңға шығып, үш гол соққан. Соңғы рет Неполомице қаласының "Пуща" командасында доп тепті.

33 жастағы Дитатьев Польша Кубогі мен Суперкубогінің иегері. Украинаның бірінші лигасында жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport