ҚПЛ клубы "Спартак" тәрбиеленушісін қатарға қосты

© "Торпедо-БелАЗ" ФК

"Каспий" футбол клубы ресейлік қақпашы Алексей Козловпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ол мәскеулік "Спартак" тәрбиеленушісі, бірақ, негізгі команда сапында ойнамаған. Козлов өз мансабында "Спартакс" (Латвия), "Утенис" (Литва) сынды командаларда өнер көрсеткен. "Спаратакс" қатарында ол ел чемпионатын ұтқан. 

Сондай-ақ, ол "Торпедо", "Гомель" мен "Минск" (барлығы Беларусь) командаларының сапында да болған. Гомельдіктер құрамында ел Кубогін жеңген. 

Козлов "Каспий" құрамына еркін агент ретінде қосылды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: