Қарағандылық "Шахтер" ресейлік қорғаушы Дмитрий Ятченконы сапына қосқанын хабарлады.
33 жастағы Ятченко мәскеулік "Динамо" түлегі. Ол "Спартак-Нальчик", "Терек", "Крылья Советов", "Енисей" сияқты клубтарда ойнаған. Ресей премьер-лигасында жалпы 248 матч өткізіп, төрт гол салған.
2019 жыл маусымының жартысын Беларуссия чемпионатында минсктік "Динамода" өткізді. Бұл клубта 13 ойында екі гол соқты.
Ресейдің жастар құрамасымен тоғыз матчке қатысқан футболшының трансферлік құны 450 мың еуро.