Футбол
17 мамыр 2021 18:51
 
ҚПЛ клубы Қонысбаевқа мүмкіндік беруі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

ҚПЛ клубы Қонысбаевқа мүмкіндік беруі мүмкін Ұлан Қонысбаев. Сурет: КФФ©

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев үлкен футболға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 31 жастағы жартылай қорғаушы соңғы рет көкшетаулық "Оқжетпес" сапында алаңға шығып, алайда негізгі құрамға өте алмаған болатын. 

2019 жылғы ҚПЛ маусымында ол алаңға үш рет шыққан, сондай-ақ, екінші лигада көкшетаулық клубтың жастар командасында бір рет алаңға шыққан еді. 

"Тараз" клубы өз шәкіртін жазғы трансферлік мауысым кезінде қайта қатарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.

Қазіргі уақытта Қонысбаев еркін агент дәрежесінде. Осыдан бірнеше уақыт бұрын Түркістан облысының "Мақтарал" командасы оған қызығушылық танытқан еді. Мансабының аяқталғаны туралы футболшы ресми жариялаған емес.

Ұлан 2016 жылы Қытайда өткен жолдастық кездесуде алған жарақатанынан кейін жасыл алаңға аз шыға бастады. 

Қонысбаев "Тараз", "Астана", "Шахтер", "Ақтөбе", "Атырау" сынды клубтардың намысын қорғаған болатын. Қазақстан құрамасы сапында 32 ойын ойнап, үш голдың авторы атанған. 

Жарнама

Живи спортом!