ҚПЛ клубы Қазақстан Кубогі қарсаңында жаңа ойыншымен толықты

Соломон Удо.Сурет: "Атырау" ФК©

Нигериядан шыққан армениялық футболшы Соломон Удо "Атырау" клубына ауысты. Бұл туралы "мұнайшылардың" баспасөз қызметі хабарлады. 

Атыраулықтар Армения құрамасының ойыншысын жалға алды. 

26 жастағы жартылай қорғаушы қарағандылық "Шахтер" намысын да қорғаған. Атыраулық клуб сапына жаңа ауысқан ойыншы өз мансап жолында армениялық "Арарат", "Ширак", "Урарту" және бельгиялық "Эйпен" клубында ойнаған.

Ел біріншілігінде 19-турда 25 ұпай жинаған "Атырау" жетінші орында келеді. Бүгін, 30 шілдеде команда Қазақстан Кубогі аясында сырт алаңда "Таразбен" ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00 басталады. Мына сілтеме арқылы трансляцияны тамашай аласыздар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: