ҚПЛ клубы жеке көрсеткіш бойынша "Реалдан" озды

©"Каспий" ФК

Қазақстан чемпионатының соңғы жылдардағы тұрақты қатысушысы "Каспий" пас беру көрсеткіші бойынша үздік 10 команданың қатарына кірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Football-observatory.com сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, маңғыстаулық ұжым әлемнің 71 чемпионатының 1226 командасы арасында 8-орынға тұрақтапты. Батысқазақстандықтар бір матчта орта есеппен 663 пас береді екен.

Бұл көрсеткіш бойынша "Манчестер Сити" 754 пас беріп көш бастап тұр. Үздіктер қатарында "Альбирекс Ниигата" (Жапония), "Бенфика" (Португалия), ПСЖ (Франция), "Маккаби" Т-А (Израиль), "Ливерпуль" (Англия) және "Бавария" (Германия) командалары орналасқан.

Еске салайық, "Каспий" пас беру көрсеткіші бойынша "Аякс" (Нидерланды) пен "Реал" (Испания) клубтарынан алда тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар