ҚПЛ клубы жаңа бас бапкерді тағайындады

©instagram.com/fcmaqtaaral

45 жастағы Константин Горовенко "Мақтаарал" клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы оңтүстік қазақстандықтардың баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін "Мақтаарал" командасын 46 жастағы қазақстандық Андрей Ферапонтов жаттықтырған еді.

Константин бапкерлік карьерасында "Атырау", "Шахтер", "Қайрат" және "Жетісу" командаларының тізгінін ұстаған. Ал ойыншы ретінде "Қайрат", "Мегаспорт", "Сұңқар", "Алма-Ата", "Жетісу" және басқа да клубтарда доп тепті.

Еске салайық, "Мақтаарал" командасы Қазақстан чемпионатындағы 18 турдан кейін 13 ұпаймен 14-орынға жайғасқан.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар