ҚПЛ клубы жаңа бапкермен келісімшарт жасады

©"Динамо-Авто" ФК

"Ақжайық" футбол клубы жаңа бас жаттықтырушысын тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен оралдықтарды бұдан былай 50 жастағы молдовалық маман Олег Беженарь жаттықтыратын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым басында клубтың жаттықтырушысы 44 жастағы украиналық Владимир Мазяр болған еді. Ол кеткен соң, тізгінді 39 жастағы Молдова елінің маманы Игорь Пикущак алды, бірақ, оның PRO категориялы лицензиясы болмағандықтан, бас бапкер рөліне Беженарь кірісіп, Пикущак "Ақжайықтың" аға жаттықтырушысы болды. 

Ел чемпионатындағы келесі ойынын "Ақжайық" жаңа алаңда 26 тамызда "Атырауға" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport