Қарағандылық "Шахтер" Беларусь чемпионатындағы футболшыны сапына қоспақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
БФ мәліметінше, "Минск" қорғаушысы Александр Позняк жақын арада "кеншілерге" қосылады.
Футболшы отанында "Динамо-Брест", "Городея", "Неман", солигорлық "Шахтер", "Лида" сияқты командаларда ойнаған. Сонымен бірге, македониялық "Работнички" сапында да өнер көрсеткен.
Беларусьтің жастар және жасөспірімдер құрамасына үнемі шақыртылып жүрген ойыншы елдің ұлттық құрамасы үшін бір матч өткізді.