ҚПЛ клубы еуропалық чемпионаттан ойыншы алдырды
©dinamo-minsk.by
23 жастағы беларуссиялық жартылай қорғаушы Дмитрий Бородин спорттық карьерасын Қазақстанда жалғастырады, деп жазады football.by сайты.
23 жастағы беларуссиялық жартылай қорғаушы Дмитрий Бородин спорттық карьерасын Қазақстанда жалғастырады, деп жазады football.by сайты.
Басылымның мәліметінше, ол "Ордабасы" клубының намысын қорғайды. Шымкенттік команданы беларуссиялық Александр Седнев жаттықтырады.
Еске салайық, Бородин 2020 жылы Минсктің "Динамосына" ауысты. Екі маусым ішінде "Ислочь", "Гомель" және Ресейдің "Чайкасында" жалда ойнады.
"Динамо" сапында өткізген 12 ойында жартылай қорғаушы бір гол салған. Бородин "Ордабасы" клубымен 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін келісімшарт жасасты.
Жарнама