Футбол
1 наурыз 2022 09:19

ҚПЛ клубы еуропалық чемпионат жеңімпазын сапына қосты

©"Оқжетпес" ФК

Сербиялық қақпашы Саша Стаменкович "Ақтөбе" сапына қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Отанында 37 жастағы голкипер "Црвена Звезда", "Раднички" және "Напредак" командаларында ойнап, Сербия чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алған. 

Сонымен қоса, Стаменкович Әзірбайжан чемпионатында "Нефтчи" мен "Сабах" сапында өнер көрсетіп, елдің екі дүркін чемпионы болған. Ал "Нефтчи" еурокубоктарға шыққан әзірбайжандық бірінші клуб болды, ол 2012/13 маусымдағы Еуропа лигасында өнер көрсетті. 

2016 және 2017 жылдары Стаменкович көкшетаулық "Оқжетпесте" ойнады. Легионер барлық турнирде 56 матчке қатысып, қақпасына 85 доп өткізді.

"Ақтөбеде" Стаменкович "Қайраттан" ауысып келген Стас Покатиловпен бәсекелес болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport