ҚПЛ клубы директор қызметіне конкурс жариялады

© "Каспий" ФК
ҚПЛ-ге биыл қосылған ақтаулық "Каспий" футбол клубы директор қызметіне конкурс жариялады, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Әзірге бұл орын бос тұр. Директор қызметін атқарушы Ерлан Есімов 2019 жылы желтоқсанда Виталий Юнді алмастырған болатын. 2018 жылдың қаңтарынан бері Есімов ақтаулық клубта бесінші жетекші болды. 

Еске салайық, бірінші лигадағы 2019 жылғы маусымды "Каспий" екінші орында аяқтады да, премьер-лигаға төте жолдама алды. Команда ҚПЛ-де екі матчте ойнап үлгерді, алайда, бірде-бір ұпай жинамады. Турнир кестесінде ақтаулық клуб әзірге 12 команда арасында он бірінші келеді.