ҚПЛ клубы бірінші рет аустриялық ойыншыны сапына қосты

© "Тараз" ФК
"Тараз" аустриялық шабуылшы Нилс Цатлмен келісімшарт жасқаны туралы жария етті. 

Нилс Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген командаға қосылып үлгерген. Ол тараздық клубтағы бірінші аустраиялық ойыншы. 

Цатл шабуылшы және сол қанаттағы қорғаушы да бола алады, оның үстіне екі аяғының да тепкісі мықты екені айтылды. Мұның алдында 27 жастағы футболшы "Велс" (Аустрия), "Флориан" (Аустрия), "Хорн" (Аустрия) және "Катокопиас" (Кипр) үшін ойнаған.

Кипрдің бірінші дивизионында ол 42 матчте сегіз гол салды және алты ассист жасады.